Талдықорған маңындағы Алматы-Өскемен тас жолының 272 шақырымында жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 61 жастағы тұрғын ауруханаға барар жолда көз жұмды. Көлік жүргізушісі ер адамды байқамай, артқа жүрген кезде басып кеткен. Қазір тергеу жүргізіп жатыр.