Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстаннан 2 вагон темекіні заңсыз тасымалдауға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

  • AstanaTV
  • 10 тамыз 2023
  • 1722

Қырғыз Республикасынан заңсыз тасымалданған екі вагон темекі өнімдері тәркіленді. Заңсыз тауардың құны құны 1,3 млрд теңгеден асады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Темекі өнімдерін жөнелтпе құжатсыз және ЕБМ-сіз әкелуге әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті тергеп жатыр.

ҚМА мәліметіне сәйкес, мемлекеттік кірістер органдарының есептеулері бойынша акциздің бюджетке төленуі тиіс сомасы – 585 млн теңге.

Қазір қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шаралары, тиiстi сараптамалар жүргiзiліп жатыр. Оның нәтижелерi бойынша қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.