Русский Сайттың толық нұсқасы

Үй жануарларын есепке қою: ешкім пәтер жағаламайды

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2023
  • 1073

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким үй жануарларын есепке қою тетігі жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ешкім де пәтер жағалап жүрмейді. Ешкімді үйге кіргізбеуге құқылысыз. Бұл сіздің конституциялық құқығыңыз. Дегенмен, қандай да бір заңбұзушылық анықталған жағдайда, мәселен көршілеріңіз итіңіздің аулада қарғыбаусыз бос жүргеніне шағымданғанда тексеріледі. Иттің иесі анықталған жағдайда оны есепке қоюға қатысты сұрақ туындауы мүмкін», - деді ол елордада өткен брифингте.

Сонымен қатар ол үй жануарларында чиптің бар-жоғын анықтау үшін арнаулы сканер қажет екендігін айтады.