Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылдық полицейлер ауыл тұрғынынан 50 келіден астам есірткі тәркіледі

  • AstanaTV
  • 13 тамыз 2023
  • 802

Өңірде "Қарасора-2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның аясында Шу ауданында жабайы қарасора өсетін жерлерде есірткі дайындау кезінде бұрын сотты болған 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

50,3 келі кептірілген марихуана және каннабис өсімдігі есірткі құралдары тәркіленді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ, ҚР ІІМ ЕҚҚІД, ҰҰ "Бүркіт" АМБ қызметкерлері Теа атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып жүргізді.

Ұсталған адам кінәсін мойындап, Шу қаласының УҰИ-ға қамауға алынды. ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.