Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылда тіршілік нәрінің тапшылығынан 130 гектар жерге егілген күнбағыс күйіп кетті

Жамбыл облысында қуаңшылықтан егістік қурап жатыр. Шаруасы шайқалып, тірлігі тұралап қалған диқандардың саны күннен-күнге артуда. Күнбағысты аман алып қалудың жолын таба алар емес. Су жоқтығынан 400 мың еуро көлемінде қаржы салынған инвестициялық жоба да тоқтап қалған. Берік Жұмабай тіршілік нәрінен таршылық көріп отырған шаруалармен жолықты.

Жамбылда Испаниядан тартылған инвестициялық жоба жүзеге аспады. Қос елдің агрономдары бірігіп ауыл шаруашылығына салған 400 мың еуро ауыз судың жоқтығынан ауаға ұшқан. Испандық майлы дақылды оңтүстік аймаққа жерсіндіріп, одан шыққан тұқыммен ел нарығын қамтамасыз етсек деген ниет болған бұл жобада. Тіршілік нәрінің тапшылығынан 130 гектар жерге егілген күн бағыс күйіп кеткен.

Евгений ТРУБНИКОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 Су соңғы бір айда мүлдем келмеді. Әкімдіктің айтатыны, Қырғызстан су бермей жатыр, су жоқ дейді. Білмейміз не істейтінімізді. Дәл қазір қанша суарсақ та егісті сақтап қалу мүмкін емес. Екі учаскедегі күнбағыстың шығыны бүгінде 150 миллион теңгеге жуықтады.

Қордайда алқабы қурап, тамшы су таппай отырған шаруалардың саны 400-ге жуықтаған. Дихандар жерден өнім алмақ түгілі, салған ақшаларын шығар алмай қаламыз ба деп қорқады.

Нұрлан НАРМАШЕВ, ШАРУА:

Жоңыршқамыз түп орманы күйіп кетті. Жоңыршқамыздан үміт жоқ. Себебі қыстан шығара алмаймыз. Не то что малды, біз өзіміздің жанымызды шығара алмаймыз қыстан.

Аталған ауданға көрші елден секундына 14 текше метр су келетін. Бұл көлем 6 текше метрге дейін кеміген. Салдарынан Қордайдың өзінде 5800 гектар егістік қурап кеткен.

Бекзат БОЛАТБЕКОВ, ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Үкімет тарапынан 4 министрліктен комиссия келді. Біз бұл жағдайды жеткіздік үкімет басшысына. Енді біз нақты шешім күтіп отырмыз. Төтенше жағдай жариялаймыз ба, жарияламаймыз ба деген.

Егер төтенше жағдай жарияланса шаруалардың шығыны өтеледі. Жалпы Жамбылда 13 мыңға жуық егістік алқабы қураса, оның жартысына жуығын Қордайға тиесілі.