Ақмола облысында жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты. Қайғылы оқиға Көкшетау-Рузаевка автожолында болған. {КТМ:} Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышы соқтығысып, жеңіл автокөлік өртенді. Салдарынан 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы оқиға орнында қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. {+СНХ}
Уалихан ЖҮНІСПЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.