Русский Сайттың толық нұсқасы

Балабақшаға барғысы келмеген бес жасар қызды әпкесі көшеде ұрып-тепкен

  • AstanaTV
  • 14 тамыз 2023
  • 1446

Әлеуметтік желіде бейтаныс әйелдің кішкентай қызды теуіп, ұрып жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Полицияның хабарлауынша, оқиға 14 тамыз күні таңғы уақытта болған. 5 жасар қыз балабақшаға барғысы келмеген. 17 жастағы туысы оның бұл әрекетінен кейін ұрып-соққан.

Жасөспірімге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабы 1-бөлігі "Ұрып-соғу" бойынша әкімшілік іс қозғалды.

"Қыз баланың заңды өкілдері болған оқиғаны әрі қарай талқылаудан бас тартты. Оларға балалар психологымен жұмыс ұсынылды", - деп хабарлады полиция.