Русский Сайттың толық нұсқасы

ХҚКО тіркеуге келгендерге медициналық көмек көрсетілді

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2017
  • 2223

Алматыда халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеуге ағылған жұрттың нөпірі азаяр емес. Кезек күтіп, қажыған азаматтарға көмек көрсету үшін орталықта жедел жәрдем жұмысы іске кіріскен. Дәрігерлер таңсәріден құжат толтырып әбігерге түскен жандарға медициналық көмек көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, мекеме ішінен өзекті жалғап алу үшін тәттілер үлестіріп, ыстық шәй ұсынуда. Десе де, 12 сағаттық жұмысқа кіріскен орталықта мәселе әзірге шешімін табар емес. Тіркеуге тұру үшін әр терезеге телмірген халық жүйесіз жұмыстан шаршағандарын айтты. Егер "бір терезе" жүйесі бойынша жұмыс жүргізілгенде, бұлай әбігерге түспес едік,- дейді тұрғындар. Ал, мамандар бір күн ішінде бір орталықта 656 адамды тіркеді деп отыр.

Алдымен төменнен нөмір алып, сосын кассаға барып төлем жасайсың. Содан соң шақырады. Одан кейін құжаттарды жинастырасың. Көрдіңіз бе? Тіркелу үшін бірнеше пункттен өтеміз. Кеше Алмалы ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығында болдым. Таңғы 10.00-ден кеш қарайғанша жүрдім. Бүгін тағы келдім, әлі жүрмін сенделіп. Үкіметтің талабын орындау үшін халық жұмыла кірісті. Бірақ тапсырма мүлдем дайындықсыз басталды. Топырлап жүргеніміз сондықтан.

Алма Атағарова, Медеу аудандық ХҚКО инспекторы:

Кешегі статистиканы айта кететін болсақ, 8 сағатта 656 қызметкерді тіркеуге қойдық. Енді оның ішінде азаматтар болды тіркелуге тұрмағандар. Оның барлығын бекітілген режимде тіркеп,  көші -қон полициясына жіберіп жатырмыз. ХҚКО адам көптігіне байланысты денсаулық көтермей қалады. Сондықтан №5 аурухана,  № 12 аурухана қызметкерлерін жіберді.