«Q-net» қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалын басқарған 5 адамның ісі сотқа жолданды. Айыпталушылар 2018-2022 жылдары қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарған. Сол уақытта 45 салымшы тартып, 75 млн теңге материалдық шығын келтірген.
Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Сот қаулысымен құны 27,7 млн теңге болатын мүлік бұғатталды. Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеу мен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын ескертеміз.