Русский Сайттың толық нұсқасы

Дәрігерлер шахтада зардап шеккен кеншілердің жағдайы туралы айтты

  • AstanaTV
  • 18 тамыз 2023
  • 831

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында болған өрттен зардап шеккендердің саны 13-ке жетті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы ауруханаға жарақат алған тоғыз кенші жеткізілген.

«Екеуі жансақтау бөлімінен токсикология бөліміне ауыстырылды. Олардың жағдайы ауыр, тұрақтыға жақын деп бағаланады. Науқастар есі дұрыс, адекватты. Жағдайларының ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға, гемодинамикалық тұрақсыздыққа, уланудың токсикогендік кезеңіне байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты», - дейді мамандар.

Дәрігерлердің айтуынша, қалған жеті адам токсикология бөлімінде жатыр.

«Жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Науқастар есі дұрыс, адекватты. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты», - деді дәрігерлер.

Сондай-ақ, облыс басшылығы Шахтинск орталық ауруханасының терапевтік бөліміне төрт зардап шегушінің түскенін хабарлады. Олардың бірі ауруханаға жатқызудан бас тартып, амбулаторлық ем алуға шығарылды. Қалғандарының жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Үш кеншіні іздеу әлі жалғасып жатыр.