Русский Сайттың толық нұсқасы

Тағы алтауын өлтірмек болған: медбике 7 сәбиді өлтірді деген күдікке ілінді

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2023
  • 1710

Ұлыбританияда жеті сәбиді өлтіріп, тағы алтауын өлтірмек болды деген айып тағылған Люси Летбиге қатысты сот процесі өтті. Отырыс сотталушының қатысуынсыз өтті. Алқабилер оны бірнеше бап бойынша кінәлі деп тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz  Sky News порталына сілтеме жасап.

Люси Летби шала туылған нәрестелер бөлімшесінде медбике болып жұмыс істеп жүріп, сәбилерді өлтірген.

Бұрынғы медбике Люси Летби жеті сәбиді өлтіргені және тағы алты баланы өлтіруге әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылды.

Қазылар алқасы сәбилерді өлтіруге оқталуға қатысты тағы алты айып бойынша үкім шығара алмады. Әзірге тергеу өлім себебін анықтай алған жоқ. Летби сөйлеуден бас тартып, балалардың өліміне қатысы жоғын айтты.

Соңғы үкім дүйсенбі күні шығады.

Летби соты - ұлыбританиялық құқық тарихындағы ең ұзақ соттардың бірі, ол 315 күнге созылды.

Еске салайық, Люси ауруханада неонатал бөлімшеде жұмыс істеген кезде жеті нәресте көз жұмды.