Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қошмамбетте сиыр сауып отырар едім": Құралай ханым отасқан жылдары күйеуі көзіне шөп салған соң қалай өзгергенін айтты

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2023
  • 1067

Белгілі психолог, коуч Құралай Ошақбаева журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында отбасылық құпиясы туралы ашық айтты. Ол күйеуінің көзіне шөп салғанын жасырмады. Айтуынша сол оқиғадан соң өмірінде көп өзгерістер орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құралай ханым жаңадан үйленген жылдары жұбайының жүрісін жасырмады.

"Негізі менің психологияға келуім отбасымыздағы сондай процесстерден болды. Содан кейін мен көп іздендім. Оқып, психологқа барып. Отбасымызды бір қалыпқа келтіріп алдым. Тіпті, ол жағдайға алғысым шексіз. Егер де ол жағдай орын алмаса мен әлі Қошмамбетте (ауылда) сиыр сауып отырар едім", - деді ол.

Сондай-ақ, коуч өзіне айтылып жүрген "Елді алдап ақша таптың" деген пікірге қатысты ойын да жеткізген. Ол 2008 жылдан бастап жеке кәсіпкер екенін, салық төлейтінін алға тартты.

"Менің шын ниетім мен білгенді ел білсе екен дедім. Бәрібір, тәжікі бар, орысы бар қазаққа сабақ өткізіп, келіп, 100 мыңнан, миллионнан алып жатыр. Неге қазақтың бір Құралайы шыққан кезде соны біз таптап, тістеп шашып тастаймыз. Елдің бәрі есі шығып "Құралай мыстан" деп жатады. Қайтемін? Болсақ, болыппыз. Кешіріңіздер енді", - деп қосты ол.