Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда нұротандықтар мемлекеттік қызмет көрсету мәселесін талқылады

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2016
  • 2749

"Бір терезе" қағидатының орнын енді "Бір өтініш" алмастырады. Мұндағы мақсат - рәсімделер құжаттардың саны мен шығындалар уақыттың санын қысқарту. Осылайша мамандар барлық мемлекеттік қызмет түрлерін электрондық жүйеге ауыстыруды көздеп отыр.

«Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты комиссиясының отырысында осы мәселе талқыланды. Бұл бағыт аталған партияның «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасында кеңінен қамтылған.

8 сәуірден бастап елімізде Халыққа қызмет көрсету орталығының базасында "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы құрылды. Осы орталық базасындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдері "жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы", "жылжымайтын мүлік орталығы", "мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" секілді мемлекеттік кәсіпорындарды біріктіру арқылы жасақталды. Бұл ретте ең алдымен жер қатынастары, жылжымайтын мүлік, әлеуметтік және зейнетақы төлемі саласындағы мемлекеттік маңызды қызметтерді беру ұсынылады.

Нұрғиса Камашев, халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары:

Егер халыққа қызмет көрсету орталығы бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін болса, бұл құрылымның басты мақсаты - «бір терезе» қағидатынан «бір өтініш» қағидатына өткізу. Яғни, мүмкіндігінше, құжаттардың санын қысқарту, күту, рәсімдеу уақытын азайту және барлық мемлекеттік қызмет түрлерін электрондық жүйеге ауыстыру болып табылады.

Дина Галиметдинова, "Мемлекеттік қызмет көрсету" бағыты бойынша комиссия төрайымы:

Бұл жоспарды іске асыру үшін арнайы жабдықталған ғимараттар керек. Бірақ біздің қаламызда мұндай орындар жоқтың қасы. Егер халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға үлкен талап қойылып отырғанын ескерсек, адамдарға да қолайлы жағдай туғызамыз десек, бұл үшін арнайы ғимараттар бөлінуі керек.