Тойда келіншекті айнала қамшымен аластаған әжей жұрттың сынына қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрда тойхананың ішінде бір келіншекті ортаға алып, ақ жаулықты әже қамшымен ұрғылап, айнала бірнәрсе оқып жүргенін байқауға болады. Бұл видео Қызықтырды instagram парақшасында жарияланып, 1 миллион 300 мың қаралым жинаған.
"Адамдар не болып кеткен",- деп жазды instagram қолданушысы.
Желі қолданушылары бұл әрекетті көріп, керағар пікір қалдырған.
"Ана кемпірдің түрі көгеріп кеткен басқаша байқадыңыздар ма, Ж-ның түрі сияқты ішіне кіріп алған", "Апаның өзін оқыту керек жын кірген сияқты", "Апаға шайтан кіріп кеткен", "Күші келсе жерге жатқызып тепкілейін деп тұр-ау", "Ақша табу үшін емші, бақсылардың әрекеті ғой",-деп жазды олар