Русский Сайттың толық нұсқасы

"Құрғақшылықтан бірқатар өңір зардап шекті", - Ә.Смайылов

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2023
  • 939

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өздеріңіз білетіндей, жаз айлары жылдағыдан ыстық болды. Құрғақшылықтан бірқатар өңір зардап шекті. Оларда жиналатын өнім көлемі азайып қалайын деп тұр. Құрғақшылықтың салдарын жою мақсатында шұғыл шаралар қабылданды. Оның ішінде Үкімет резервінен қаражат бөлінетін болады. «Бәйтерек» холдингі құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың кредиттері бойынша борыштарды төлеу мерзімін ұзарту және оны қайта құрылымдау мәселесін пысықтауы қажет, – деді Смайылов.

Смайылов жағдай бақылауда екенін айтты.

Жеткілікті көлемде өнім жиналады. Қазақстандықтар нансыз қалмайды. Сонымен қатар, климаттың өзгеруі мен су тапшылығы ауыл шаруашылығы үшін үлкен қауіп-қатерге айналып отыр. Сондықтан, су ресурстарын тиімді пайдалануды күшейту бойынша Жол картасын әзірлеу қажет. Өңірлер белсенді түрде су үнемдеу технологияларын енгізуі тиіс, – деді Үкімет басшысы.