Русский Сайттың толық нұсқасы

"Балам мектепке қуанышпен барады", - ата-ана

Шығыс Қазақстанда "AMANAT" партиясының "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында бір жарым мыңнан астам балаға оқу құралдары табысталды. "Баланы мектепке даярлайық" акциясы басталғалы жағдайы төмен отбасылар мен әлеуметтік осал топтағы балаларға қажетті құрал жабдықтар берілген. 10 жыл бұрын бастау алған іс игі жалғасын тауып келеді. Биыл бұл жобаға 23 миллион теңге бөлінген. Оқушылардың қуанышында шек жоқ.

Анна КОСИХИНА, АНА:

Балам өте қуанышты, өйткені мен денсаулығына байланысты оны мектепке дайындай алмас едім. Міне, сынып жетекшіміз бен мейірімді жандар қиын уақытта көмектесіп жатыр. Енді балам мектепке қуанышпен барады.

Сайрангүл ЖҰМАДІЛОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мұндай игілікті іс келер жылдарда да жалғасын табады. Іс-шараларды біздің филиалдың базасында өткіземіз және жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға көмектескісі келетін азаматтарымыздың саны артып келеді.