Русский Сайттың толық нұсқасы

Чилиде толассыз жауыннан екі адам қаза тауып, мыңдаған тұрғын баспанасыз қалды

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2023
  • 756

Чилидің орталық бөлігінде толассыз жауған жаңбырдан су тасқыны мен көшкін жүріп, екі адам қаза тапты және мыңдаған тұрғын эвакуацияланды. Сол күні қатты зардап шеккен аудандардың біріне барған ел президенті Габриэль Борич ТЖ режимін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Маусымның соңында көршілес аудандарда соңғы үш онжылдықтағы ең қатты нөсер жауды. Чилидің орталық-оңтүстік бөлігінде қыс пен көктем жаңбырлы болды. Чилидегі Senapred табиғи апаттардың салдарын жою агенттігінің мәліметі бойынша, 26 мыңнан астам адам әлі де негізгі қызметтерге қол жеткізе алмай отыр және 34 мыңға жуық адам эвакуацияланды.

Негізінен шаруалар тұратын зардап шеккен ауданда шамамен 38 000 адам электр қуатынсыз қалды. Билік аймақтың көп бөлігінде өзендердің тасу қаупін ескере отырып, халықты эвакуациялау туралы бұйрықтарды қатаң орындауға шақырды.

Қыста Чилидегі мыңдаған адам соңғы онжылдықтағы аптап ыстық пен қатты жаңбырдың салдарынан баспанасыз қалған.