Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11-шы адамның денесі табылды

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2023
  • 1287

Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11-шы адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде 8 кәмелет жасқа толмағандар», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

ТЖМ өз қауіпсіздігіңіз бен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайтынын еске салады.