Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлытау облысында қоғамдық көліктерде электрондық билет жүйесі енгізілді

«Цифрлы қала». Ұлытау облысында қоғамдық көліктерге жолақы төлеудің электрондық жүйесі енгізілді. Биыл іске қосылған «Автобус» қосымшасы облыс орталығы Жезқазған қаласында толық жұмыс істеп тұр. Жолаушылар, әсіресе әлеуметтік осал топтың өкілдері арнайы карта немесе ғаламтор арқылы төлем жасап ақша үнемдейді. Халық жобаға оң баға беріп жатыр.

Экранға картаны қой да, кез келген автобуста жеңілдікпен жүре бер. Жаңа төлем түрі ақша мен уақытты үнемдейді. Ұлытау облысының орталығы статусын алғалы қалада өзгеріс көп. Соның бірі - осы электрондық билет жүйесі. 64 автобуста жұмыс істеп тұр.


Нұрбол САДЫҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

«Қызмет көрсетуші ұйым қаланың барлық автобустарында өздерінің валидаторларын орнатқан болатын. Қазіргі таңда жүйе қалыпты жағдайда жұмыс істеуде және де төлемдер электрондық карталар арқылы алынуда».

Гүлшат МҰҚАНОВА, «SMART AVTOBYS JEZQAZGAN» ЖШС МАМАНЫ:

««SmartAvtobysJezqazgan» - ның өзінің «Avtobys» деген приложениясы бар. Әр бір қаламыздың тұрғыны сол приложениені өзіне енгізіп алады да сол арқылы транспортная картаны енгізіп алады да Kaspi арқылы толтырып отырады. Егер картаны үйге ұмытып кетсе сотканы алып шығып QR арқылы да төлеуге болады ».

Төлем карталарының үш түрі бар. Жалпы қолданысқа арналған, әлеуметтік және оқушылар картасы. Әрқайсысы 500 теңге.


Гүлшат МҰҚАНОВА, «SMART AVTOBYS JEZQAZGAN» ЖШС МАМАНЫ:

«Бұл жерде социальный дегеніміз Алтын алқа, Күміс алқа, жаңағы көп балалы аналарға инвалидтарға беріледі. Социальныйлар тегін қолданады. Ал школьниктерге 50 пайыз скидка бар 30 теңгемен жүреді. Ал көкті алатын болсақ ол жалпы пайдалану үшін бұл жерде 60 теңгемен жүреді».

 Электрондық билет жүйесі жезқазғандықтарға ұнап жатыр. Жолаушылармен бірге жүргізушілер де қолайлы дейді.


Мұқтар ЖҰМАТАЕВ, ЖҮРГІЗУШІ:

«Біз үшін ыңғайлы. Өйткені тиын жинап, сдача берудің өзі көптеген уақыт алады. Жаңағы қаламыздың жолдарын білесіздер, жай жүруге тура келеді мұндай жолдарда. сондықтан уақыт үнемдеу жағынан бізге қолайлы ыңғайлы».

Мұрат САҒЫМБАЕВ, ЖОЛАУШЫ:

«QR - мен төлеген ыңғайлы мысалы. Біреуінде карточка болмай қалса ертең, біреуінде бар, біреуінде жоқ. Мысалы маған кьюармен төлей салған ыңғайлы телефонмен. Картаң қалып қойса мысалы».

Халида БАЛАБАЕВА, ЖОЛАУШЫ:

Мен әлеуметтік жұмыскермін. Маған өте ыңғайлы. Ақша немесе телефон алып жүрмей- ақ картаны қоя салсаң болды, барлық автобуста жүре бересің.

Электрондық билет жүйесі тасымалдаушыларды, яғни автобусқа қанша адам мінді, түсті дегенді бақылауға мүмкіндік береді. Салаланған тариф енгізіліп, жолақы қымбаттаған күнде де жолақысына жеңілдік беріледі. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін де пайдалы.


Нұрбол САДЫҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

«Сіздің балаңыз яғни оқушы болған жағдайда немесе әлеуметтік осал топтарға жататын азамат болған жағдайда оның қозғалыс бағытын нақты қарауға болады».

Автобустың қай жерде келе жатқанын телефонындағы «Avtobys» қосымшасы арқылы жолаушының өзі де бақылай алады. Бұл- қолайсыз ауа райында аялдамада қоғамдық көлік тосып тұрып қалмаудың ең тиімді жолы.