Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» әрқашан қоғамдық-саяси процестердің ортасында болады

Қостанай облысында 231 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. «Жер аманаты» жобасы аясында жүзеге асқан бастама туралы «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының 35-ші есеп беру-сайлау конференциясында айтылды. Басқосуда партияның атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері талқыланды.

Басқосуда Партия филиалдарының 2022-2023 жылдар аралығында атқарған игі істері талқыланды. Партия Хатшысы Руслан Әлішев Саяси кеңестердің жаңа мүшелерімен кездесу барысында «AMANAT» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Ол партияның қоғамдағы рөлін күшейту, халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсарту бағытында жұмыстар жалғасатынын айтты. Қостанайда «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 227 өтінім мақұлданып, 1,2 млрд. теңгеге несие берілген. Еліміздің барлық аймағында жайылымдық және егіндік жерлер тұрғындарды толғандырған түйіткілді мәселеге айналған. Партиялықтар бұл проблеманы «Жер аманаты» жобасы аясында шешіп жатыр.

Руслан ӘЛІШЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Біздің сайлауалды бағдарламада халықты жұмыспен қамтуға баса назар аударылған. Олар өз кәсіптерін дөңгелету үшін түрлі жағдай жасау қарастырылған. Ең бастысы бір-бірімізге деген сенім. Тұрғындардың әл-ауқатын көтеру үшін партияның жасап жатқан істерін сезіну керек. Кездесумен түрлі пікір алмасулар арқылы нығайта аламыз.

Облыста жыл басынан бері 67 инвестициялық жоба іске қосылды. 640 орындық 2 мектеп, 2 денсаулық сақтау нысаны, 4 спорт кешені, 47 спорт алаңы халық игілігіне берілген. 37,23 шақырым жылу желілері жаңғыртылып, 700 шақырымға жуық су құбыры желілері салынған. 11 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Бұған қоса,15 елдімекеннің сумен қамту жүйесі жақсартылды. Кәсіпкерлерді де қолдау назардан тыс қалмаған.

Евгений ПАПЕРТНЫЙ, БЕЛОЗЁРКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Құс шаруашылығымен айналысамыз. "Ауыл аманаты" жобасымен кредит алдық. Ақшаны ферманы үлкейту мақсатында алдық. Өте тиімді. Үстемақысы да төмен. Менің ойымша Қазақстандағы ең төменгі процент. "AMANAT" партиясы, әкімдік көмектесіп жатыр.

Қостанай облысында 44 мыңнан астам мүшесі бар 262 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Соңғы бір жылдың өзінде өңірдегі филиалдың саяси кеңес құрамына 259 адам мүше болған. Кеңес құрамы 65 процентке жаңарды. Оның 31 пайызы жастар. Партиялық халықтық әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жобалар аясындағы жұмыстарын жалғастыра бермек.

Сондай-ақ, партия Хатшысы Руслан Әлішев Рудный қаласында жылу желілерін қайта жаңарту жұмысымен танысты. Партиялық бақылау бекеттері мен Саяси кеңестің жаңа сайланған мүшелерінің өңірдегі құрылыстың уақтылы және сапалы аяқталуын бақылау жөніндегі қызметіне ерекше назар аударды.