Русский Сайттың толық нұсқасы

Студенттердің стипендиясы екі есеге артады

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2023
  • 895

Премьер-министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсенова Жоғары білім және ғылым форумында студенттердің стипендиясы жайлы айтты.

«Студенттердің стипендиясы 2025 жылға дейін екі есеге өседі. Яғни 26 мың теңгеден 52 мың теңгеге дейін. Соңғы 3 жылдың өзінде университетте оқитын студенттің оқу ақысы 420 мың теңгеден миллион теңгеге дейін өсті. Бұл шамамен 2,5 есе», - деді Дүйсенова

Министр стипендияны төлеу автоматтандырылғанын атап өтті.

«Стипендияны уақытында төлеу үшін ол Қаржы орталығы арқылы орталықтандырылған. Бұл процестің барлығы цифрландырылады. Ол университет пен министрліктің ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады»,- деді ол.