Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда соңғы қоңырау 25 мамырға қайтарылады

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2023
  • 1044

Оқушылар қайтадан 25 мамырға дейін оқиды. Бұл туралы Тамыз кеңесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Бұл әлемдік тәжірибе екенін мойындауымыз керек. Бірақ мұндай жаңалықтарды енгізу әрқашан тыңғылықты дайындықты талап етеді. Министрліктің шешімі негізді, бірақ асығыс болды деп есептеймін. Осыған байланысты биыл оқу жылын 25 мамырда аяқтаймыз деп ойлаймыз", - деді ол тамыз кеңесінде.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда соңғы қоңырау 1 маусымда атап өтілетіні айтылған еді.