Русский Сайттың толық нұсқасы

"Гинеколог көрмегендер бар": Ләйлә Сұлтанқызы денсаулығына мән бермейтін әйелдерге кеңес берді

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2023
  • 1286

Ләйлә Сұлтанқызы денсаулығына салғырт қарайтын әйелдер туралы айтты. Тележүргізуші Instagram парақшасында нәзік жандыларға кеңес берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Келетін хаттардың құрылымы әртүрлі болғанымен, мазмұны бір. "Мен күйзелістен қалай шықсам болады", "шаршап жүрмін" деген сарында… Ал жүйкеңді ауыртып, іштей аяйтын хаттың көбі денсаулыққа қатысты. Ауырса, бірден ауруханаға бармайды. Болмаса, арамызда ауруханаға қолхат жазып кететінін мақтанышпен айтатындар да бар. Өйткені, баланы қарайтын, үйдегілерге шай беретін адам керек. Денсаулығы нашарлады, арықтау керек. Бірақ үстелде қалған тамақты "ысырап болмасын" деп жеп қояды. Өзін жайсыз сезінсе де соңына дейін шыдайтын, гинеколог дегенді жылдар бойы көрмегендер бар. Бірақ, бақыттың да, байлықтың да, жетістіктің де, білімнің де түбірі бір - денсаулық", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сонымен қатар тележүргізуші адамдарды денсаулығын басқадан биік қоюға шақырды. "Айтқым келгені, мені көптеген ірі-ірі форумға, бизнес-форумға, шараға спикер ретінде шақырып жатады. Бірақ, қандай сахнада тұрсам да, кімнің алдында сөйлесем де, үнемі бірінші денсаулық жайлы сөз етемін. Әсіресе, әйелдің денсаулығы жайлы. Бойында жаны бар, еті тірі әр адам өзінің саулығын басқасынан биік қою керектігін айтқым келеді, жеткізгім келеді. Құрметті құрбым, құрдасым, сырласым, сіңлім, әпкем, жеңгем! Басыңыз "жәй ғана" ауырса да, аяғыңыз тоңса да, бүйрегіңіз маза бермесе де дәрігерге асығыңыз. Ағзаңыздағы кез келген ыңғайсыздықтың арты жақсылыққа апармайды", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.