Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді. Құрметті қонақты елорда әуежайынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Сапар аясында қос елдің президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді. Мемлекет басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Сізбен елордамызда жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіздің сапарыңыз біздің бауырлас елдеріміз арасындағы шынайы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту тұрғысынан зор маңызға ие. Елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік, одақтастық қарым-қатынас туралы айтуға толық негіз бар. Астанадағы тәжік мәдениеті күндерінің ашылуына Сіздің арнайы келуіңіздің өзі көп нәрсені аңғартады. Сіздің сапарыңызды жоғары бағалаймын.

Эмомали РАХМОН, ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ:

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, шақыртуыңызға, ілтипатыңызға, қонақжайлық көрсеткеніңізге көп рақмет! Ең алдымен, бүгін Сізбен екі ел арасындағы қарым-қатынастың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылағым келеді.