Русский Сайттың толық нұсқасы

Теңге бағамы неге төмендеп жатыр? Ұлттық банк жауап берді

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2023
  • 1400

Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов теңге бағамының төмендеу себептері туралы сұраққа жауап берді, деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

"Валютаның қайтадан құлдырауына кім кінәлі?" - деп сұрады журналистер Пірматовтан Ұлттық банк брифингі барысында.

Осы сұраққа жауап беріп, Ұлттық банк басшысы теңге бағамы өзгермелі екенін және оны нарық қатысушылары қалыптастыратынын еске салды.

"Теңге бағамы өзгермелі. Ұлттық банк қандай да бір мақсат, деңгей қоймайды. Оны нарық қатысушылары сұраныс пен ұсыныс және олардың үміттері негізінде қалыптастырады", - деп түсіндірді Пірматов.