Русский Сайттың толық нұсқасы

15 жастағы бала аюмен төбелесіп, әкесін өлімнен аман алып қалды

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2023
  • 1894

Швецияның Юсдал қаласында 15 жастағы бала аюмен төбелесіп, әкесін өлімнен аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Telegraph басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жасөспірім мен әкесі салмағы 139 келі аюды ауламақ болған. Аңшылар жыртқыштың артынан қуған, аю кенеттен артқа бұрылып, ер адамға шабуыл жасап, оны бөлшектеп тастамақ болыпты. Жеткіншек бірден әкесіне көмектесуге асығып, бар күшімен аюдың басынан ұрған. Ашуланған жыртқыш жігіттің қолын тістеп алады. Осы кезде жасөспірімнің әкесі орнынан тұрып, жануарға оқ атқан.

Шабуылдың салдарынан жасөспірімнің білегі сынып, ер адам бетінен ауыр жарақат алған. Екеуі де медициналық көмек алу үшін тікұшақпен ауруханаға жеткізілді.

Әкесі мен баласы қоңыр аюлардың өте көп тарап кеткен популяциясын атумен айналысқан. Қазіргі уақытта жарақат алған ер адам ауруханада сәтті жазылып, көңіл-күйі жақсы.

Соңғы онжылдықтарда Швецияның солтүстігіндегі қоңыр аю популяциясы табиғатты қорғау ұйымдарының күш-жігерінің арқасында шамамен 3000-ға дейін өсті. Алайда бұл жыртқыштар жыл сайын мыңдаған бұғылардың жойылуына себеп болып отыр. Осыған байланысты билік 2023 жылы аңшыларға 649 аюды атуға лицензия берген болатын.