Русский Сайттың толық нұсқасы

27 тамызда елдің басым бөлігінде нөсер жауын мен бұршақ жауып, жел күшейеді

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2023
  • 1602

Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 27 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай, дауыл және желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. ҚР солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. ҚР қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жетісу облысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау, Абай облыстарында, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.