Русский Сайттың толық нұсқасы

Румынияда газ құю станциясында жарылыс болып, 50-ден астам адам зардап шекті

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2023
  • 1776

Румынияның Креведа елді мекеніндегі сұйытылған газ құю станциясында қатарынан болған екі жарылыстан 1 адам мерт болып, 50-ден астамы жарақат алды.

Бірінші жарылыс сағат 19:00 кезінде болған, оның артынан өрт шығып, екі цистерна мен сол жерге жақын орналасқан үй жанды. Осы елдің денсаулық сақтау министрі Александр Рафильдің айтуынша, жарылыс кезінде 7 адам күйіп қалған.

Осы оқиғадан кейін шамамен екі сағаттан соң, тағы бір жарылыс болып, 26 өрт сөндіруші жарақат алды, деп жазды ІІМ төтенше жағдайлар департаментінің жетекшісі Раед Рафат.

Ол сондай-ақ жарылыстар әлі де болуы мүмкін екенін айтты.

Кешірек Digi24 телеарнасы зардап шеккендердің саны 55-ке жеткенін жазған. Олардың ішінде 8 адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккендердің арасында апаттан соң оқиға орнында жұмыс істеген 39 өрт сөндіруші мен 4 құқық қорғау қызметкері бар. Кемінде 3 жарылыс болғаны айтылып жатыр.

Билік өкілдері 300 метр қашықтықтағы тұрғындарды эвакуациялап, қою түтін тарап жатқанын және ол Бухарстке қарай жайылып бара жатқанын ескертті. Қала маңында ауаның ластанғаны байқалды. Тұрғындарға, терезелерді жауып жүру туралы кеңес берілді. Оқиға болған аймақта көлік қозғалысы тоқтатылып, онда қазір ондаған өрт сөндіруші жедел жәрдем көліктері жұмыс істеп жатыр.

Кешірек Agerpres агенттігі елдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап, жарылыстан соң шыққан өрттің сөндірілгенін, 700 метр қашықтықта тұрып жатқан тұрғындар эвакуацияланғанын хабарлады.