Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясы кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді

«AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі – кәсіпкерлікті дамыту және қолдау. Бұл ретте, партиялықтар азаматтардың шағын және орта бизнес ашуына, оны дамыту кезінде пайда болатын кедергілерді жоюға жол сілтейтін жиын өткізді. Қазір жылжымайтын мүлікті сатып алушыларға арналған мемлекеттік бағдарламалар қысқарып жатыр. Ал бұл саланың тоқырауына әкелуі мүмкін. Жиында осы мәселе де сөз болды. Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев осындай тақырыптарды талқылау арқылы проблеманың үштен бір бөлігін жедел шешеміз дейді.

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Біздің кеңестің мақсаты кәсіпкерлерді салалық министрліктермен байланыстыру, олардың ұсыныстарын тыңдау. Егер бұл жүйелі проблема болса, біз оларды қыркүйек айында партия төрағасының қатысуымен өтетін отырысқа шығарамыз.