Русский Сайттың толық нұсқасы

Риддер, Кентау, Шахтинскіде жылыту маусымына дайындық кестеден кешігіп жатыр

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2023
  • 1363

Үкімет кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылыту маусымына дайындықты кестеден кешіктірген қалаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірнеше проблемалық өңір бар. Бірінші кезекте бұл – Риддер. Шахтинскіні де қарап отырмыз. Кентауда да аздаған кестеден кешігу бар», - деді министр.

Оның сөзінше, қазір жылу жүйесінде проблемасы бара қалалардың бәрінде жіті бақылау оратылған.

«Біз министрлік деңгейінде тиісті мәжілістер өткіздік. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органының өкілдерін жібердік. Тәуліктік бақылау жүргізіп, бейнемониторинг жасап жатырмыз. Дегенмен белгілі бір динамика бар. Ол жақтарда ахуал жақсарып келеді», - деді Алмасадам Сәтқалиев.