ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ақмола облысында ауруханаға жатқызылған 40-тан астам сарбаздың жағдайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, 41 сарбаз ауруханада, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр, бүгін беті беі қаай бастаған.
«Менингококк инфекциясы тіркелген, кейбірінде энтеровирус бар. Қазір маусымдық мискинфекция жүріп жатыр. Шамасы, біреу ауырып, басқаларға жұқтырған шығар. Науқастармен байланыста болған, ауру белгілері бар барлық адам оқшауланды. Бөтен кісі кіргізілмейді. Ауыр жағдайлар жоқ», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ҚР Үкіметінің отырысында.