Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде рулі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынады

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2023
  • 1271

Қазақстанда рулі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тиісті бұйрық жобасын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дайындады.

Бұйрық жобасында рульдік басқару оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына алты ай мерзімге әкелуге тыйым салу көзделеді, - делінген хабарламада.

Жоба 13 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылған.

Айта кетейік, 2007 жылдан бері Қазақстанда рулі оң жақта орналастырылған көліктерді тіркеуге тыйым салынғанымен, оларды пайдалануға тыйым салынбаған.