Русский Сайттың толық нұсқасы

31 тамызда отандық “Боран” көркем драмасы көрерменге жол тартады

Екі күннен кейін еліміздің Kinopark, Kinoplexx кинотеатрларында “Боран” драмалық көркем фильмі көрсетіледі. Онда боранды күні жолынан адасып, кездейсоқ Қытай шекарасынан асып өткен жас жігіттің хикаясы баяндалады. Қарапайым қазақ жігіті қандай қиындықтарға топ болады, өлім аузынан қалай аман қалады? Сюжет көрейік.

 Оқиға желісі өткен ғасырдың 80-ші жылдарын қамтиды. Қақаған қыстыгүні 25 жастағы Құрмаш көрші ауылдан мал азығын алып келуге мәжбүр болады. Ат құлағы көрінбейтін ақ түтек боранда жас жігіт Қытаймен шекараны қалай асып өткенін байқамай қалады. Сол сәттен бастап кейіпкер тағдыр тәлкегіне ұшырап, қиын сәттерді бастан кешіреді.

Мағжан ТҰРЫС, БАСТЫ РӨЛДІ СОМДАУШЫ АКТЕР:

Басында осындай кастингке сценарийін жіберген кезде қатты қызықтым. Аллаға шүкір бағым жанып, Сәбит ағамен жұмыс істеу бұйырыпты.фильмді көрсеңіздер өздеріңіз көресіздер -40 градуста далада суға түсіп оның бәрі кәдімгідей қиын болды. Бастысы еңбек бағаланса, көрерменнің көзайымына айналса болды деген ниет бар.

Көркем туынды өмірде болған оқиғаға негізделген. Режиссер Сәбит Құрманбековтың бұл өзге елде жүрген қандастарымыз жайлы жарыққа шыққан екінші туындысы.

Сәбит ҚҰРМАНБЕКОВ, РЕЖИССЁР:

Мен өзім туған жағымда болған оқиға. Менің туып-өскен жерім мына шекара жаққа жақын.Совет үкіметін құрып, өзгерістер болып жатқан кезде болған оқиға. Кішкентай ауылда жас жігіт адасып қысты күні қытайға өтіп кетеді. Өлмелі болып жатқанда сол жақтағы қазақтың үлкен ақсақалы, шал кісі тауып алады да, құтқарып, осы бала үшін ерлікке барады. Барлық оқиға сол мына сырттағы қазақтар туралы қазір.

Алматыда "Боран" драмасының алдын ала көрсетілімі Saryarka Kinoplexx-те өтіп, көрерменнің көңілінен шықты.

Ербол БОРАНШЫ, ПРОДЮСЕР:

Жалпы киноны түсінетін және ұлтжанды, жүрегі қазақ деп соғатын азаматтардың барлығына қызықты, әсерлі болады деп ойлаймын. Себебі біз осының алдында екі рет көрсетілім жасағанбыз сынақ ретінде. Шыққандардың барлығы өте тебіреніп, көзіне жас алып шықты.

Отандық "Боран" көркем фильмі 31 тамыздан бастап еліміздің үлкен экрандарына жол тартады.