Русский Сайттың толық нұсқасы

Екінші қызын өмірге әкелген Айсәуле Бақытбек сәбиін қырқынан шығарды

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2023
  • 943

Танымал блогер Айсәуле Бақытбек екінші қызы Сәттіні қырқынан шығарды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Ол желідегі парақшасында салтанатты жиыннан фото, видеолар жариялаған, деп жазды kaz.nur.kz.

"Менің жидегім", - деп жазды Айсәуле Бақытбек. Суретті көрген оқырмандар сәбиге бақыт тілеп, есімінің ерекше екенін жарыса жазды. "Құтты болсын! Қалай риза болып отырмын таза қазақша ат қойғанына,таза қазақ тілінде жазылғанына!", "Уақыт қалай жылдам, кеше ғана босанған секілі еді", "Құтты болсын, сұлу Сәтті қызымыз бақытты болсын!", "Отбасыңа тек қуаныш, бақыт әкелсін", "Есімі ерекше екен", "Маған да бұйырсын", - деп жазуда көпшілік. Айта кетсек, Айсәуле Бақытбек 20 шілде күні екінші қызын өмірге әкелді.