Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жобалар жоспарына сәйкес Ақтөбе облысында 53 мың адам жұмыспен қамтылады

Ақтөбе облысында кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жобалар жоспарына сәйкес 53 мың адам жұмыспен қамтылады. Бұл орайда қайтарымсыз гранттар, жеңілдетілген несиелер қарастырылған.

Ақтөбе облысында 384 адам түрлі сала бойынша қайтарымсыз грант алған. Олардың дені -көпбалалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, ерекші бала тәрбиелеуші ата-аналар және мүмкіндігі шектеулі жандар

Асылбек ОСПАНОВ, КӘСІПКЕР:

Алты жыл бойы қолымнан келген тренажерды жасап осы июнь айында бастап жұмыс жасап жатырмыз. Қазір нәтиже балалар жайлап келіп жатыр.

Жалпы кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жобалар жоспарына сәйкес Ақтөбе облысында 53 мың адам жұмыспен қамтылуы тиіс. Қазірдің өзінде 35 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылған

Алтынай МАХАНОВА, ОБЛЫС БОЙЫНША ЕҢБЕК МОБИЛЬДІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 2020 жылдан бастап осы кәсіптік оқуға өзгеріс енгізілді. Яғни жұмыс беруші сұранысы бойынша оқытады. Яғни 100 пайыз оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасады.

 Өңірде биылдан бастап Еңбек министрлігінің қолдауымен 35 жасқа дейінгі жастарға кәсіп бастау немесе кәсібін дамыту үшін 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беріліп жатыр

Асланбек ШҮЙІНШАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жақсы жобалар бар. Қоршау сеткаларын жасау, бір рет қолданататын ыдыстар шығару, қолғаптар шығару, көлік жуу қызметі, сто, эвакуатор, манипулятор түрлі жобалар жүзеге асып жатыр

Жалпы өңірде «Ауыл аманаты» жобасы да қарқынды жүруде. Бұл жоба бойынша бір мың жарымнан астам адамның жеңілдетілген несие алу үшін өтінімдері қолдау тапты, қосымша 400 ге жуық азаматқа тауарлы несие берілді.