Русский Сайттың толық нұсқасы

Ғизат Нұрдәулетов Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2023
  • 774

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Ғизат Дәуренбекұлы еңбек жолын Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасында тергеуші болып бастаған. Мемлекеттік тергеу комитетінде 1996 - 1997 жылдары қызмет атқарған.

1997 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен. Сонымен қатар департамент бастығының орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департамент бастығы, Тергеу департаменті бастығы лауазымында болды.

2016 жылдың қараша айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментін басқарды.

2017 жылы шілде айынан бастап ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың 18 наурызында ҚР Бас прокуроры лауазымына тағайындалды.

II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.