Русский Сайттың толық нұсқасы

382 мыңға жуық оқушы 1-сыныпқа барды

Бүгін - білім күні. Биылғы оқу жылында 3,9 миллионға жуық оқушы білім алады.  Елімізде 382 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. 188 900 оқушы 11-ші сыныпқа барды. Бұл - рекордтық көрсеткіш.  Жаңа оқу жылында 12 апаттық мектептің, 29 үш ауысыммен оқитын білім ошағының мәселесі шешілді. 260 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.