Русский Сайттың толық нұсқасы

Н. Назарбаев Ресей президенті Жапониямен қарым-қатынасты реттеуге ниетті екенін айтты

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2016
  • 2374

Ресей президенті Жапониямен қарым-қатынасты реттеуге ниетті. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев жапониялық NHK телерадио корпорациясы мен «Киодо Цусин» ақпарат агенттігінің тілшілеріне берген сұхбатында мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, қос ел арасындағы мәселелерді экономикалық байланыстар шеше алады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Я сейчас вижу, что идут очень хорошие контакты, переговоры. Точно знаю, что Путин этого хочет, Россия хочет иметь с Японией доверительные отношения. Постоянно стоял между вами вопрос островов. Во многих странах есть такие нерешённые вопросы. Они могут решаться в условиях хороших отношений. Если Россия построит с Японией хорошие экономические отношения, заключит договор о дружбе, взаимной торговле, то будут решаться и другие вопросы.

Естеріңізге сала кетейік, екі ел арасындағы әлі күнге дейін шешілмеген түйін - Курил аралдары. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО құрамына енген. Алайда, Жапония оңтүстіктегі 4 аралды өз иелігіне алудан үмітті. Аралдың бітіспес дауы екі елдің қарым-қатынасын реттеуге кедергі келтіріп келеді.