Тамара Дүйсенова ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.
Тамара Дүйсенова бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған болатын.