Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жасөспірім 15-қабаттан секірмек болған

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2023
  • 717

Астанада жасөспірім 15-қабаттан секірмек болған. 83205 әскери бөлімінің техник-жүргізушісі сержант Ерік Ысқақов қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

20 тамызда қызметкер Астананың оңтүстік-шығыс шағынауданында тұратын туыстарына келген.

"Күтпеген жерден жиенім көрші көпқабатты үйде қыз балконнан секірмек болғанын айтып айқайлады. Мұны көріп, кіреберіске жүгіріп барып, лифтпен 14-ші қабатқа шықтым. 15-ке баспалдақпен көтерілдім. Жайлап жақындап, балконнан оны тартып түсіріп алдым", - деді Ерік Ысқақов. 

35 жастағы әскери қызметкер Ерік Ысқақов - төрт баланың әкесі. Түркістан облысы Арыстың оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс кезінде тұрғындарды эвакуациялауға қатысқан болатын. Ол оқиғаға бей-жай қарамай, оқыс жағдайда батыл әрекет етіп, адам өмірін сақтап қалды.