Русский Сайттың толық нұсқасы

Таиландта теңізге батып кеткен марқұмның ата-анасы оқиға орнында жүр - СІМ

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2023
  • 1096

Сыртқы істер министрлігі Таиландтың Пхукет аралында 18 жастағы қазақстандықтың суға батқаны жайлы мәліметті растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1 қыркүйек күні консулға Пхукет жағалауында жас жігіттің суға батып кеткені және оның Қазақстан азаматы болуы ықтимал деген мәлімет келіп түсті.
Екі күнге созылған іздестіру жұмысынан кейін таиландтық құтқарушылар 2005 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты.
Марқұмның ата-анасы Пхукетке келіп жетті және денені танып, анықтау процедурасына қатысады», - делінген ведомствоның мәліметінде.