Русский Сайттың толық нұсқасы

Макс Ферстаппен оныншы рет «Формула-1» чемпионы атанды

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2023
  • 656

Италияның Монце қаласындағы трассада «Формула-1» чемпионатының гран-приі өтті. Онда оныншы рет қатарынан 25 жастағы нидерладтық Макс Ферстаппен жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат championat.com-ға сілтеме жасап.

Әлем чемпионы атанған «Ред Булл» пилоты Макс Ферстаппен осылайша, 2013 жылғы маусымда тоғыз рет жеңіске жеткен Себастьян Феттельден асып түсіп, рекорд орнатты.

Екінші орын М.Ферстаппенің командалас әріптесі Серхио Переске («Ред Булл») бұйырды. Үздік үштікті «Феррари» пилоты испандық Карлос Сайнс түйіндеді.

Формула-1. Италия гран-при і. Жарыс:

1. Макс Ферстаппен («Ред Булл») — 53 айналым.

2. Серхио Перес («Ред Булл») +6.064.

3. Карлос Сайнс («Феррари») +11.193.

4. Шарль Леклер («Феррари») +11.377.

5. Джордж Расселл («Мерседес») +23.028.

6. Льюис Хэмилтон («Мерседес») +42.679.

7. Александер Албон («Уильямс») +45.106.

8. Ландо Норрис («Макларен») +45.449.

9. Фернандо Алонсо («Астон Мартин») +46.294.

10. Валттери Боттас («Альфа Ромео») +1:04.056.

11. Лиам Лоусон («Альфа Таури») +1:10.638.

12. Оскар Пиастри («Макларен») +1:13.074.

13. Логан Сарджент («Уильямс») +1:18.557.

14. Гуаньюй Чжоу («Альфа Ромео») +1:20.164.

15. Пьер Гасли («Альпин») +1:22.510.

16. Лэнс Стролл («Астон Мартин») +1:27.266.

17. Нико Хюлькенберг («Хаас») +1 круг.

18. Кевин Магнуссен («Хаас») +1 круг.

Эстебан Окон («Альпин»), Юки Цунода («Альфа Таури») — трассадан шығып қалды.