Русский Сайттың толық нұсқасы

Жазира Байырбекова қызының туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2023
  • 1401

Жұлдызды жұп Жазира Байырбекова мен Жанболат Байбатыровтың қызы биыл төрт жасқа толды. Өнер иесі қызы Дараның туған күнін қалай атап өткенін Instagram парақшасында көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Байырбекованың айтуынша, олар биыл қызының туған күнін отбасымен үйде атап өткен.

"Дараның биылғы туған күнін отбасымызбен тойладық. Америкадан Назира Байырбек келіп, басымыз қосылып, өте көңілді өтті", - деп жазды әнші.

Видеодан Дараның туған күні үшін арнайы қызғылт түсті шарлардан "Барби" стилінде безендіру жасалған. Сонымен қатар тортты да арнайы қылғылт түстен дайындатқан.

Сондай-ақ видеодан түрлі қуыршақ кейпіндегі аниматорлар мен әншінің жақындарын көруге болады. Келген қонақтардың барлығы жұлдызды жұптың қызы Дараға түрлі сыйлықтар тарту еткен.

  Желі қолданушылары да Дараның туған күніне жылы лебізін білдірді. "Бақытты болсын", "Ғұмырлы болсын", "Әдемі өмір тілейміз", - деп жазды желідегілер.