Русский Сайттың толық нұсқасы

Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды

Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды. Президент палатаға тиісті ұсыным енгізген. Парламент Сенатының жалпы отырысында жоғарғы палата депутаттары Тимур Сүлейменовті Ұлттық банк төрағасы қызметіне тағайындауға келісім берді. Ол төрт жылдан астам Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген, әлеуметтік-экономикалық даму блогын басқарған. Саладағы реформаларды іске асыруға белсенді араласты дейді Президент Әкімшілігінің басшысы.

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

Тимур Мұратұлы қаржы және экономикалық бағыттарда, оның ішінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымында үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Сондықтан қаржылық реттеушінің қызметін, оның міндеттері мен сын-қатерлерді анық біледі. Оның жеке қасиеттері мен құзыреттілігі Мемлекет басшысы қойып отырған мақсаттарға қол жеткізуге және Ұлттық банктің жұмысын жетілдіруге мүмкіндік береді деп сенімдіміз.