Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жолдау жаңа ұлттық экономика құруды көздейді»,- Мақсат Толықбай

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2023
  • 970

 ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Мақсат Толықбай жаңа құжаттың мәні мен маңызы жоғары екенін айтады. Айтуынша, Жолдаудың  ел экономикасын дамытуға қосар үлесі зор. 

«Мемлекет басшысының бұл Жолдауы – орындалу мерзімі қысқарған, нақты бағыттары айқындалған және тиісті міндеттер жүктелген маңызды стратегиялық құжат. Оның негізгі идеясы – әрбір адамның, кәсіпкердің құқығы қорғалатын жаңа ұлттық экономика құру. Президент Су ресурстары және ирригация министрлігін құру жөнінде аса маңызды шешім қабылдады. Бүгінде су тапшылығы – бүкіл әлемде ғаламдық проблемаға айналған ортақ мәселе. Ғалымдардың айтуынша, алдағы 40 жылда дүниежүзіндегі ең ірі соғыс осы суға таластан басталады», – деді халық қалаулысы.

Оның айтуынша, осы күннің өзінде судың маңызы мұнай мен газдан кем түспейді. Енді нақты сұрау салатын, жауап талап ете алатын ведомство құрылып жатыр.

«Дүкенде 1 литр су 1 литр жанар-жағар майдан қымбат. Сондықтан, су саласына жауапты болатын жаңа министрлік құру туралы шешімі – өте орынды. Бұл – аса құптарлық шешім. Еліміздегі ең ірі өзендер көрші мемлекеттерден бастау алады.Сырдарияның, Ертіс пен Жайықтың, Балқаштың жағдайына назар аударатын уақыт келді. Түптеп келгенде, Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің уақтылы орындалу-орындалмауы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты болмақ», – деді Мақсат Толықбай.