Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жолдауда көтерілген мәселелердің барлығы өзекті", - Р. Зайытов

Президент биылғы Жолдауында ең өзекті тақырыптарды қозғады. Әсіресе, әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелерге қатысты жүктеме көп. Мәжіліс депутаттары сол міндеттер орындалса, елдің даму қарқыны әлдеқайда жоғары деңгейге көтеріледі – дейді. Жолдау елде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың логикалық жалғасы екенін айтады.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қоғамдағы, оның ішінде еліміздегі нүктелі проблемалардың барлығына акцент қойылды. Оның ішінде барлық қоғамда осы күнге дейін мәжіліс депутаттары, қоғам белсенділері, өздеріңіз сияқты азаматтар көтеріп жатқан мәселелердің барлығына жауап берді.

Сергей ПОНОМАРЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ,"AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Менің ойымша, Атом электр стансасын салу мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешу дұрыс. Бұл өте маңызды шешім. Биыл құрғақшылықты сездік. Су, энергия басты тақырыпқа айналды. Проблеманы шешу үшін бірлесу маңызды. Жалпы, Президент Жолдауда түрлі тақырыптарды сөз етті.

Ринат ЗАЙЫТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жолдаудың жолдануындағы көтерілген мәселелердің барлығы өзекті мәселелер. Мысалы, мемлекеттік сатып алу туралы заңның өзін алып қарасақ, қазір барлық өңірлер сонын зардабын алып отыр.