Русский Сайттың толық нұсқасы

"Өте қатыгез адам": Мұрат Мұтырғанов әкесі туралы айтып, жан сырын ақтарды

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2023
  • 1144

Танымал әртіс, сиқыршы Мұрат Мұтырғанов “Осколки” бағдарламасында әкесі, белгілі цирк әртісі Кәрім Мұтырғановқа көңілі толмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұрат Мұтырғанов Кәрім Мұтырғановтың жақсы әке бола алмағанын жасырмай айтты.

“Өкінішке орай, әкем маған жақсы әке бола алмады. Ол – керемет ұстаз, тамаша педагог. Циркта одан өткен мықты адам жоқ. Бірақ әке ретінде өте көп рахмет қателік жіберді. Біреулерге қайырымсыз бала болып көрінуім мүмкін. Әкем клоун болса да, өмірде өте қатігез адам. Ол ешқашан: “Сен менің ұлымсың, мақтанышымсың. Мен сені жақсы көремін, сен мықтысың” деп айтқан емес. Мен бір нәрсе жасасам әкем үнемі: “Бұдан жақсы қылып жасауға болатын еді” дейті. Тіпті мен барымды салып, мінсіз етіп жасам да: “Болады” деп айтатын. Ол өзін менің ұстазым деп ойлайтын. Мен үнемі әкеме әлденені дәлелдеп жүретінмін. Қазірдің өзінде Жаңа жылдық шоу жасап жатырмын. Ол болса: “Мынауың не? Мен кезінде былай істегенмін. Сен болмайтын дүние жасапсың” дейді. Бұл маған өте ауыр тиді. Бірақ 70 жастағы адамды қалай өзгертесің? Ол қалыптасып қойған. Жақында дүкен аштым, мен үшін қуануына болатын еді. “Мен бұлай жасамас едім” дегенде көңілім түсіп қалды. Мені көріп отырған адамдарға айтарым: 39 жастағы маған әкемнің мақтауы маңызды. Балаңыз дұрыс жасамаса да: “Керемет ойлап тауыпсың, тамаша” деп айтыңыз. Кейін түзететін жері болса ақыл қос. Бұл өте маңызды. Сол себепті әкеміз екеуіміздің қарым-қатынасымыз басқалар ойлағандай керемет емес”, – дейді Мұрат Мұтырғанов.

Өнер иесі ата-анасына деген қарым-қатынасы жұбайының арқасында жақсы жаққа өзгергенін айтып қалды.

“Әкеммен кезекті рет сөзге келіп қалдық. Сол кезде әйелім Алеся: “Әкең қандай адам болса да, ол болмаса сен мына дүниеде болмас едің. Осы нәрсені түсінсең, көзқарасың өзгереді” деді. Сол сәттен бастап әкеме деген қарым қатынасым жақсара бастады. Анаммен де арамыз жақсарды. Жұбайыммен бөлек тұра бастағанда өзімді толықтай отбасыма арнадым. Анаммен 2-3 ай көріспейтін едік. Отбасылық өмір дедім. Ал Алеся 17 жасында анасынан айырылды. Маған анасын құшақтағысы келетінін, бірақ өмірде анасының жоқ екенін айтатын. Мен оның жан жарасын түсіндім. Содан бастап күнде таңертең анама хабарлама жазып, қайырлы таң тілеймін, жақсы көретінімді айтамын. Қонаққа барып, анаммен шәй ішемін. Бұрын оның қадірін түсінбеппін. Құр босқа отыру – уақыт босқа өткізу деп ойлаппын. Мұны да маған әкем үйретті. Ол маға үнемі қозғалыста болу керек деп айтатын”, – дейді цирк әртісі.