Русский Сайттың толық нұсқасы

"Сауалнама нәтижесі көрсетті": Америкалықтар Байденді ел басқару үшін тым кәрі деп есептейді

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2023
  • 563

Америкалықтардың басым көпшілігі АҚШ-тың 80 жастағы президенті Джо Байденді сайлауға түсу үшін тым кәрі деп есептейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Үміткерлер арасындағы айырмашылық небәрі үш жыл болса да, респонденттердің 73%-ы Байденді екінші мерзімге тағайындау үшін тым кәрі деп есептейді. Сауалнамаға қатысқандардың 47%-ы 77 жастағы бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы", - деп хабарлайды басылым.

Кандидаттардың жеке қасиеттеріне келетін болсақ, сайлаушылардың пікірлері іс жүзінде бірдей болып шықты. Мысалы, 42% Байден қарапайым азаматтардың қамын ойласа,Трампқа берілген дауыс 43%.

Сауалнамаға сәйкес, 46% Трампты президент болуға психикалық тұрғыдан дайын деп санайды. Ал Байден туралы сауалнамаға қатысқандардың 36% осылай деп жауап берді.

Сауалнама 24-30 тамыз аралығында онлайн түрде жүргізілді. Оған 1500 адам қатысты.

Ал Америка президенті Джо Байден жасына қатысты мәлімдемелерге өз жауабын берді. Оның жазбасы Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды.

Еңбек күнімен, америкалық жұмысшылар мен кәсіподақтарды құттықтау үшін Байден жұртшылыққа үндеу жасады. Оның айтуынша адам қартайған сайын дана бола түседі.

"Көпшілігі: "Байден,қартайып барады" деп жатыр. Бірақ білесіздер ме адам жасы ұлғайған сайын дана бола түседі. Мен саяси қызметте басқа адамдарға қарағанда ұзақ жасап келемін. Мен өз қызметімді сіздердің көмектеріңізбен әрі қарай жалғастыра беремін", - деді Байден.

Айта кетейік, Британ энциклопедиясының веб-сайтына сәйкес, АҚШ пен Канадада Еңбек күні қыркүйектің бірінші дүйсенбісінде тойланады. Биыл 4 қыркүйекте тойланды.

АҚШ-тың 46-шы президенті Джо Байден (Джозеф Робинетт Байден) 1942 жылы 20 қарашада Пенсильвания штатының Скрантон қаласында дүниеге келген. Ол биыл 81 жасқа толады.

Джо Байден 2021 жылдан бері АҚШ президенті қызметін атқарып келеді.

АҚШ президентінің сайлауы 2024 жылдың 5 қарашасында өтеді. Бірнеше кандидат, оның ішінде Байден де сайлауға түсуге ниет білдірді.