Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркиядағы жол апаты: қазақстандық журналистің күйеуі де қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2023
  • 873

Сыртқы істер министрлігі Түркияның Алания қаласында болған жол апаты салдарынан тағы бір қазақстандықтың көз жұмғанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Күйеуі кеше жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Ұлын туыстары алып кетті, қазір ол Қазақстанда. Қаза болған үш адамның денесі бүгін Қазақстанға жіберіледі", - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық журналист Түркияда екі жасар қызымен бірге жол апатынан қаза тапқаны хабарланған еді. 

Қайғылы оқиға 3 қыркүйекте болды. Екі көлік соқтығысып, үш турист опат болды. Басылым мәліметінше, сафари көлігінде болған Қазақстан азаматы оқиға орнында қаза тапса, ресейлік турист пен 2 жасар қазақстандық ауруханада қайтыс болған.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Telegram-арнасында жол апатынан танымал журналист, "Зейін Атырау" балаларды оңалту орталығының негізін қалаушы Арайлым Бақытжан қаза тапқанын жазды.