Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мойны мен қолын жарақаттаған": Шымкентте мас ер адам учаскелік полицейге күш көрсеткен

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2023
  • 789

Шымкентте мас күйде учаскелік полицейге пышақпен шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

6 қыркүйек күні кешке әл-Фараби АПБ-ның учаскелік инспекторы отбасылық жанжал туралы шақырту түскен мекенжайға барды. Жергілікті тұрғын оны күйеуі оны ұрғанын жеткізді.

"Учаскелік полицей қолында пышағы бар үй иесін көрді. Тәртіп сақшысы пышақты тастауды талап еткенде, мас ер адам оған шабуыл жасап, мойны мен қолын жарақаттаған", - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, полиция қызметкері әріптесінің көмегімен ер адамды қарусыздандырды. Аталған жайтты тергеушілер Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі “Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану” бойынша тіркеді. Белгілі болғандай, күдікті 2015 жылы осы баптың бірінші бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар бұрын әйелінің денсаулығына зиян келтіргені үшін әкімшілік қамауға алынып, полицияның есебінде тұрған.

"Ер адам қазір қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.